БАҚ өкілдеріне баспана бұйыра ма?

445

БАҚ өкілдеріне баспана бұйыра ма? Сала өкілдерінің баспаналы болу мүмкіндігі тек Елбасының «7-20-25» бағдарламасы аясында іске асуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев халық алында есеп беру жиынында мәлімдеді.

Аналогты хабар таратудың уақыты өтті. Ескірген жүйе кезең-кезеңімен тоқтатылуда. Еліміздің барлық өңірлері цифрлы теле және радиохабар таратуға 2 жыл ішінде ауысуы тиіс.

Көк сандыққа телмірген көрерменнің көңілін шетелдік сериалдар жаулап алды бүгінде. Осының мәнісін сұраған әріптесіміздің сауалына министр бұл өнімдердің орнын өз киноларымызбен ауыстыратын күннің де алыс емес екенін жеткізді. Абаев мырзаның сөзіне сенсек, айналасы бір жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс аясында 40 сериал түсіріліпті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге артық. Көрермен назарын өзіне аударған кейбір телехикаяларымызды Қырғызстан, Ресей және Қытай елдеріне көрсету құқығын сатып алыпты.

«Бізде бұқаралық ақпарат құралдарының 95 пайызы – жекеменшік компаниялар. Сол себепті олар баспанамен қамту мәселесін өздері шешуі керек», – дейді министр. Дегенмен, мемлекетке қарайтын бұқаралық ақпарат құралдарын баспанамен қамту жайы назардан тыс қалмайды. Қалай дегемен, бүгінде журналистің мәртебесін анықтау қиын болып тұр.