Күнгейде IT орталықтары көбейеді

612

Шымкентте IT орталықтарын ашу мақсатында ортақ меморандумға қол қойылды. «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ мен облыстық білім, мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметік бағдарламалар басқармалары мен ЖОО ректорлары өзара келісімге келді.

Мектеп оқушылары мен жастар үшін ІТ сыныбын ашу, жұмыссыз азаматтарды цифрлық дағдыларға үйрету меморандумның басты мақсаты. 2018 жылы 4500 бала, 2019 жылы 9000, 2020 жылы 9000 бала ІТ саласы бойынша білім жетілдіретін болады. ОҚМПУ -де 31 мамыр күні 6 IT сыныбы ашылмақ. Қалған 20 сынып қыркүйек, қазан айларында ашу жоспарлануда.

Заманауи цифрлық дағдыларды меңгергендерді бір жылдың ішінде жұмыспен қамтамасыз етеміз дейді «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ басшысы Нұрмахан Жолдасов. Бұдан басқа, қала және аудандық жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, ІТ орталықтарға оқуға жіберілетін тұлғалардың контингенті анықталады екен.