Шымкентте алғашқы Арбат ашылды

811

Шымкент қаласында алғашқы Арбат ашылды. Бекет батыр көшесінен ашылған Арбат қалаға ерекше көрік беріп тұр. Қаланың жасыл желегіне жаңа реңк қосқан Арбат әдемі гүлдермен көмкеріліп, жарық шашатын шамдармен безендірілген.

Ыңғайлы демалыс аймағында қолайлы орындықтан бастап велосипедтер жолағына дейін қарастырылған. 3600 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. 2000 шаршы метр жерді аяқ жол алып жатыр. 700-ге жуық жөке, талшын, аққайың сынды ағаш түрлері мен 1000 түп раушан гүлі егілді.

Түнгі Арбатты жарық етуге 76 көше шамдары мен 45 кіші сәнсәуле қойылды. Қазіргі таңда мамандар Арбаттың ерекше келбетін аша түсетін арканы құру жұмысын аяқтауда. Ал жуық арада Бекет батыр көшесінің бұл бөлігі нағыз шығармашылық адамдарының орталығына айналмақ. Себебі бұл аумаққа Суретшілер үйін салу жоспарлануда.

Нұрлан Күдерұлы