Úı ANONS Шымкенттегі шағынауданда көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады

Шымкенттегі шағынауданда көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады

Қыс шанасын жаз сайлауды жөн көрген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ газ құбырларын жылыту маусымына дайындауға кірісіп кетті. Ол үшін 30 мамыр — 1 маусым аралығында қаладағы «Наурыз» шағынауданында газ өшіріледі.

Осы шағынаудандағы: Ахметов, Сауран, Дәулетұлы, Марғұлан, Қарабұлақ, Қобда, Жал Қордай, Тұяқбаев, Мыңжылқы, Наурыз-1, Наурыз-2, Арғымақ, Баян ауыл, Егеменді, Канал, Қайсар, Озат, Жаңа-арқа, Ердік, Арай, Жаңа құрылыс, Береке, Рысқұлов, Байтұрсынов өткелінде көгілдір отын жөндеу жұмыстары аяқталғанша өшіріледі.