«Жаралы гүлдер» көпшілік назарына ұсынылды

587
Сарыағаш Ауданы facebook парақшасынан

Сарыағаш ауданы «Жеңіс» саябағында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі мен Ұлы жеңістің 73 жылдығына арналған » Ерлікке тағзым» атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді.

Іс-шара Ұлы жеңіс құрметіне қойылған » Даңқ» мемориалына ауданның зиялы қауым өкілдері мен ҰОС ардагерлерінің гүл шоқтарын қою рəсімімен басталды. ҰОС ардагерлеріне арнайы сый-сияпатын табыстап, қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Сүлейменов жəне Сарыағаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы, подполковник Б.Исаевтар құттықтауларын жеткізді. Құттықтаулардан соң аудандық мəдениет үйі Халықтық драма ұжымының «Жаралы гүлдер» атты театрландырылған көрінісі қойылды. Көрініс соңынан Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Қапаш Құлышева С.Сейфуллиннің əні «Біздің жақта» əнін орындап көрермендердің ықыласына бөленді.

32039 əскери бөлім жас сарбаздары қоян-қолтық күресін көрсетті. Осы сəтте Жамбыл облысы, Отар əскери базасында Ұлы жеңістің 73 жылдығына жəне Отан қоғаушылар күніне арналған мерекелік жауынгерлік шеру қонақтарға, көрермендерге тікелей эфирден көрсетілді.