Асықата ауылындағы қоқыс алаңы көшіріледі

717
Мақтарал ауданы Асықата ауылындағы қоқыс алаңы

Асықата ауылындағы  қоқыс алаңын көшіруге он күн қалды. Жақында жұмыс сапарымен  Мақтарал ауданындағы ауылдарды  аралаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевқа  тапсырма берді. Сәуір айында ғана тағайындалған жаңа  өлке басшысы қоқыс полигонын елдімекендерден алыстау жерге көшіретінін Жансейіт Қансейітұлына жеткізді.

Күл қоқыс алаңынан  айналаға  мүңкіген жағымсыз иіс осы төңіректегі  тұрғындардың   наразылығын тудырып, олар бұл мәселемен тікелей  облыс әкіміне арызданған.

 

 

 

 

 

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі: «Осында тұратын халық арызданған. Қоқыс  алаңының  қоршаған ортаға, осы  төңіректе  тұратын  тұрғындардың денсаулығына кері әсері көп айтылып келген. Неліктен шара көрмегенсіздер?  Байқағаным  қоқыс тастауға рұқсат та бар, сондықтан мына  жерде күл-қоқысқа толған. Маусымның 23 – не дейін мына  жерді қоқыстан тазартуға сізге (Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев) тапсырма беремін. Орындалуын тексеремін».

Облыс әкімінің тапсырмасын орындауға уәде берген Жамантай Қанайұлы қоқыс алаңын елдімекендерден  алшақтау жерге көшіру бойынша үш жер белгіленгенін өңір басшысына жеткізді. Каналдың бойындағы қоқысқа толған жер  тазартылса, Асықата ауылы тұрғындарының жергілікті билікке деген сенімі артатынын сөзсіз.