Автокөлік бағанның ортасына қыстырылып қалды

Кезекті жол көлік апаты Қалдаяқов пен Интернационал көшеслерінің қиылыстарында болған. Бұл жерде Тойота және Ваз көліктері соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша Ваз көлігі жол жиегіне шығып екі бағананың ортасына қыстырылып қалған.

Екі көлік те бір бағытта келе жатқан. Тойота көлігі көше қилысынан келіп, Қалдаяқов көшесіне қарай солға бұрылыс жасамақ болады. Ал, оның соңынан жүріп келген Ваз автокөлігінің жүргізушісі белгісіз бір себептермен тежегішті басып үлгермеген.

Жергілікті тұрғындар дәл осы көше қилысында жол көлік апаты жиі болатынын айтады. Кеш батысымен бұл көшеде көліктер жарысы басталады екен. Жылдамдықты 40-тан асырмау ескертпесі тұрса да жүргізушілер осы тұстан ызғытып өтетіні үйреншікті көрініс дейді жергілікті тұрғын.

Дәл осы оқиғада абыройға орай адамдар аман. Тек Ваз көлігінің иесі аздап жарақаттанған. Енді жол апатына қай көліктің кінәлі екенін мамандар анықтайтын болады.