Кентауда Асанәлі Әшімов, Әшірбек Сығай, Сейдолла Байтерековтердің бұрышы бар

839
Кентауда Рухани жаңғыру орталығы ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қала, ауылдардың тарихына қатысты құндылықтармен халықты таныстыру мақсатында Кентаудағы орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды.

«Әлия» әнімен Қазақстанды әлемге танытқан Сейдолла Бәйтереков

Мұнда қаланың өркендеуіне еңбегі сіңген, туған жерін әлемге танытқан, қайырымдылық іс шараларға ықпал еткен азаматтар жайлы сыр шертетін бұрыш ашылған. Райымбек Сейітметов, Асанәлі Әшімов, Әшірбек Сығай, Сейдолла Бәйтереков сияқты өнер майталмандарын кентаулықтар мақтан тұтады.

Кентаудағы орталықтандырылған кітапханадағы Райымбек Сейітметовтың бұрышы

Жерлестерінің өмірлік жолы өскелең ұрпаққа үлгі, сондықтан да кітапхана қызметкерлері асқар таудай ағалары жайлы мәліметтерді іздестіріп, «Рухани жаңғыру» орталығының қорын толықтыруда.