Төле би ауданында шарап өндіретін цех ашылуы мүмкін

563

Төле би ауданында ауыл шаруашылығы түлеп келеді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып ондағы толымды істерді пысықтады.

Алдымен, Көксәйек ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің бірінде болып, жұмысымен танысты. Кооператив былтыр 40 га жерге қарқынды алма бауын еккен. Қазір бауда «Гала», «Голден делишес», «Айдаред» және «Ред делишес» атты алманың сұрыптары егілген бауда 87500 дана түп ағаш бар.

Осы жұмыстар үшін 503 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды. Мұнан кейін облыс әкімі Тасарық ауылында жүзім шаруашылығында болды. Кәсіпкер тастақ жерді тиімді пайдаланып, осыдан екі жыл бұрын жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Шаруа қожалығы алдағы жылдары жүзімді қайта өңдеу ісін қолға алып, жүзімбаққа жақын маңнан көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастамақ. Өңір басшысы кәсіпкерге шарап өндірісіне де ден қоюды ұсынды.