Жастар ту таратты

735

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыдан 26 жыл бұрын егемендігіміздің белгісі ретінде бекітілген Ту, Елтаңба және Әнұран – ұлтымыз үшін аса қастерлі құндылықтар. Олар барша қазақстандықтың рухын асқақтатып, ұлттық бітім-болмысын айшықтайды. Атаулы күнді шымкенттіктер де атап өтті.

Бұл – жастардың мемлекеттік рәміздер күніне дайындаған сыйы. Флешмобқа қатысқан студенттер елдік пен ерлікті арқау еткен патриоттық әнді әуелетті. Мақсат – мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақыру, Отансүйгіштік сезімін күшейту.
Рәміздерді ұлықтауға арналған шара Жастар ресурстық орталығынан басталып, халық көп шоғырланған орындарда жалғасын тапты. Азат елдің арманшыл ұрпағы барша жұртты тұғыры биік Тәуелсіздік ұғымын қастерлеуге шақырды. Көпшілікке Ту таратты.

Көк аспанды тіліп ұшқан қыранның, жер мен көктің арасында қалықтаған пырақты тұлпардың, әр қазақстандықтың қолын жүрегіне қойдырған Әнұранның биік тұғыры осы «Рәміздер алаңында» орнаған. Рәміздер – біздің ұлттық кодымыз… Асқақ арымыз, биік намысымыз!