Жылу беру маусымына дайындық қызу жүргізілуде

508

Қаладағы Әл Фараби ауданында алдағы жылу беру маусымына қызу дайындық басталып кетті. Аудан бойынша 678 көпқабатты үй болса, соның 613-і орталықтандырылған жылу қазандығынан жылытылады.

Әкімдіктің жауапты мамандары «67 үйдің жертөлесіндегі элеваторлары сығымдалып, жатын тік құбырлары және батареялардың су өтімділігі тексерілді», дейді. Және үйлерді дайындау үшін ауданда арнайы сервистік қызмет көрсету мекемелері құрылған.

Сол мекемелер бүгінде 498 үймен келісімшартқа тұрған. Кез-келген уақытта орын алған олқылықтарды жоюға міндетті. Сол себепті, аудан әкімдігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бірінші қыркүйекке дейін көпқабатты үйлер жылу қабылдауға сақадай сай болуы керек.

Нұрлан Күдерұлы