Úı Oqys oqıǵa Өзбекстандық автобус жол апатына ұшырады

Өзбекстандық автобус жол апатына ұшырады

1980ж.т. Өзбекстан Республикасы азаматы өзінің басқаруындағы маркасы «higerbus» автобусының рөлін басқара алмай жолдың шетіндегі ағашқа барып соқтығысқан. Орын алған жол көлік оқиғасы нәтижесінде, 3 жолаушы жеңіл дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Ал ЖКО кезінде автобуста 20 адам болған, деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Аталған  жайт бойынша полицейлер ҚР ӘҚБтК- нің 610-бабымен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) хаттама түзді.