Екі «дәу» соқтығысып қалды

Кезекті жол-көлік оқиғасы Б. Момышұлы көшесі мен Қ. Қазиев көшесі қилысында тіркелді. Мұнда «Ренджровер» автокөлігі мен «Мерседес» көлігі соқтығысып қалған. Абырой болғанда адамдар аман.

Тек көліктер жеңіл дәрежелі метериалдық зақымданған. Тіпті «Джип» автокөлігіне ешнәрсе болмаған, тек алдыңғы бөлігіне зақым келген. Ал, жеңіл көліктің алдыңғы сол жақ қанаты майысып кеткен. Бірақ жүргізушілер келтірілген материалдық шығынның аздығын ескеріп мәселені өз ара шешуді жөн көрді. Оқиға басына полиция қызмткерлерін де шақыртпады. Сөйтіп жүргізушілер қол алысып тарқасты.