«Изуми» сауда үйінде әйгілі «Белини» брендінің аяқ киімдері сатылатын арнайы бөлім ашылды

658

Жергілікті халық үшін жағымды жаңалық. «Нұрсәт» шағынауданындағы «Изуми» сауда үйінде әйгілі «Белини» брендінің аяқ киімдері сатылатын арнайы бөлім ашылды. Мұнда аяқ киімдердің түрлі модельдері мен түстері, өлшемдері бар.

Сәнді әрі стильді киінуді әркім-ақ жақсы көреді. Өз образыңызды айқындау үшін сізге тек жарасымды киім жеткіліксіз, оған үйлесетін аяқ киім таңдау да маңызды. Ерлер аяқ киімі стильді көрсететін басты детальдерден саналады.

«Изуми» сауда үйінде киімдердің түрлі модельдері бар. Әдемі, ыңғайлы, сапалы аяқкиімдердің арасында «Лучана Белини», «Тони Андриотти» әйгілі брендтерінің туфлилері мен крсссовкилері, мокасиндері де бар. Ал түрік брендтері нарықта 17 жылдан бері алдыңғы көште келеді.

Шымкент қаласының тұрғыны Әділжан Мамықов жоғары сапалы былғарыдан тігілген аяқкиімдердің арасынан өз таңдауын жасады. Ол жазға жеңіл макасин кигенді дұрыс көреді. «Бұл аяқкиім ыстық мезгілге өте ыңғайлы» дейді ол.

Еуропа елдеріне экспортталатын «Лучано Белини» мен «Тони Андриотти» аяқкиімдері енді Қазақстанға да жетті. Эксклюзивті модельдерінің кең таңдауы Шымкентте дейді мамандар.

Мухсин Читак, «LUCHANO BELLINI» топ менеджері: «Шымкенттіктер өте талапшыл, сәннің қадірін біледі. Сондықтан да мұнда жұмыс істеу тиімді. Біздің брендтер жергілкті халықтың арасында сұранысқа ие. Біздің тауарлар сапалы әрі сәнді. Ортопедиялық аяқкиімдердің де түр-түрі бар».

Бұл жазда сәнді киінуді ойласаңыз, «Изуми» сауда жүйесінің дүкендерін таңдаңыз. Мұнда сізге кәсіби мамандар дұрыс таңдау жасауға көмектеседі. Жазғы түсімнің бағалары да қолайлы. Қазір кей модельдерге айтарлықтай жеңілдіктер жасалуда.