Күнгейде қажылыққа аттанатын жамағат жаппай екпе жасатып жатыр

433

Меккеге екпесіз кіргізбейді. Енді барлық зиярат етушілер қажылыққа барар алдын менингококк инфекциясына қарсы екпе жасатуы керек және қолында вакцинация жасатқанын дәлелдейтін құжат-анықтамасы болуы міндетті. Қатаң талапты қазір Араб әмірліктері денсаулық сақтау Министрлігі қойып отыр.

Осы кезде ережені естіген жамағат, ондағы тамыз айында құлшылық қаласына жол жүргелі жатқан жерлестеріміз де жаппай екпе жасатуға көшкен. Бұл жөнінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Жұмағұл Медетов мәлімдеді.

Айтуынша, қасиетті сапарға санаулы күндер қалғандықтан, бүгінде жүздеген жерлесіміз аты суық ауруға қарсы иммундалып үлгеріпті. Ал дертке қарсы тұру қажырын қуаттайтын екпе қазір жұртшылыққа қолжетімді. Бұл үшін қаламыздағы аурухана жанынан арнайы бөлімше қызметін бастаған.

Жұмағұл Медетов

Жұмағұл Медетов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары: «Облыс тұрғындары менингококк инфекциясына қарсы вакцинацияны №1 қалалық ауруханасының (Ғ.Иляев көшесі, №52)  бөлімшесінде жасатады. Облыс бойынша 8 маусымнан бері бүгінге дейін 335 адам менингококк инфекциясына қарсы екпе жасатты».

 

 

Сондай-ақ, соңғы уақыттары отандастарымыздың шетелге саяхаттап келу салдарынан мемлекетімізде түрлі түсініксіз, диагнозы – қауіпті дерттер дендеп кетуі мүмкін. Әсіресе, шетелдерде қызылша, дифтерия, денге безгегі өршіп тұр. Теңіз тағамдарынан жұғатын аурулар саны да артқан.

Мамандар мұндай жұқпалы аурулардың алдын алу үшін алдағы уақытта шекаралық тексеру жобасы қолға алынуы мүмкін екенін екшеді. Айта өтейік, қазақстандықтар ТМД елдері арасында шет елге шығу көрсеткіші бойынша екінші орында тұр.