«Ордабасылық» жастар тағы да жеңіске жетті

«Ордабасы» командасының жастары өз бабында екенін тағы бір дәлелдеді. Бұл жолы «Жас ұлан» аяқ допшыларымен кездесті. Футболдан өткен доданың бірінші ойынында-ақ гол соғып, қарсыластарын қапыда қалдырды.

Ойынның екінші жартысында «Жас ұлан» командасы қанша шабуыл жасаса да есепті теңестіре алмады. Ордабасылық жастар 1:0 қорытындысымен жеңіске жетті.