Шымкентте 90 мыңнан астам адам баспаналы болуды армандап жүр. Тұрғын үй кезегіндегі азаматтар саны жыл санап артып келе жатқанымен, биылдыққа оларға баспана берілмепті. Алайда жауаптылар бүгінде халықты тұрғын үй кезегіне қою шаралары тұрақты жүріп жатқанын айтады. Мәселен, биыл мамырдан бастап кез-келген кәмелетке толған азамат «Orken.otbasybank.kz» сайты арқылы тұрғын үй алу кезегіне тіркелу мүмкіндігіне ие болды.
КӨПЖАН ТҮЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.: «Тұрғын үй қатынастары туралы енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 ж мамыр айынан бастап кез келген кәмелетке толған ҚР азаматы өркен отбасы банк кз сайтына тұрғын үй алу тізіміне тіркелу мүмкіндігіне ие болды. Осы заңға сәйкес жаңа механизм негізінде “отбасы банк” АҚ ұлттық даму институты мәртебесі беріліп ары қарай тіркеуге қою және мемлекеттік қолдау шараларын тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалға беру және несиелік бағыттағы тұрғын үйді бөлу автоматтандырылған түрде банктың ақпарат жүйесі арқылы және банктың ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады»
ЛАУРА БАБАС






