Шымкентте жаңа жолайырық салынады

500
shymkent.gov.kz/

Шымкенттегі Астана даңғылының бойынан жаңа жолайырық салынады. Соның нәтижесінде қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын азайтуға болады деп есептейді мамандар. Болашақта ұзындығы 6 шақырымға жететін бұл көше Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай тұрғын алабын байланыстырады.

Қазіргі таңда Астана даңғылының бойы да көркейтілуде. Мұнда ұлттық үлгідегі шағын сәулет құрылымдары қойылып, жарық тартылған. Сахнасы бар үлкен гүлзар ашылып, шағын гүл алаңшалары егілген.

Бұған қоса, Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, Нұрсәт-3 шағынауданының сай-саласында спорт және балалар алаңшалары мен демалыс саябақтары бой көтереді деп күтілуде.