Түркістан облысында демалыс күндері 3 жасөспірім суға кетті

Демалыс күндері Түркістан облысында үш жасөспірім суға кетіп, мерт болды. Төтеншеліктердің мәліметінше бақилық болған жасөспірімдер белгіленбеген аумақта шомылған.

Атап айтқанда, Түркістан қаласы аумағына қарасты Арыс каналында 21-ші шілде күні тиым салынған жерге шомылу кезінде, суға батқан 2004 жылы туылған баланың денесін тауып, шығарып алған.

Сондай-ақ Шардара ауданы, Мелде би ауылы маңындағы Сырдария өзенінен «Жедел құтқару жасағы» ММ-нің күшімен, 22 шілде күні тиым салынған жерге шомылу кезінде, суға батқан 2002 жылы туылған бала мен 1998 жылы туылған Б.К. -нің денесін тауып, шығарып алған.