Тәртіп сақшылары жасөспірімге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

389

Әлеуметтік желілерде ер азаматтың кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты заңсыз іс-әрекеті туралы бейнематериал таралған. Аталған жайт бойынша Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ СДТБТ-не тіркелді, деп хабарлайды Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Полицейлермен барлық іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде жедел ізкесушілер «ізін суытпай» күдіктіні ұстады. Ол қамауға алынды. Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жәбірленуші жасөспірім бала болғандықтан, кәмелетке толмаған бала мен оның жанұясына түсіністікпен қарап, аталған ақпаратты ары қарай таратпауды сұраймыз.