Техникалық ақау салдарынан көлік өртке оранды

Шымкентте автокөлік жанып кетті. Тапа-тал түсте отқа оранған темір тұлпар Қ. Рысқұлбеков пен Ғ. Ілияев көшелерінің қиылысында тұрған. Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер алауды ауыздықтады.

Жүргізушінің айтуынша өрт техникалық ақау салдарынан шыққан. Абырой болғанда көлік иесі дін-аман. Тұлпарын өрт шарпи бастағанда, сыртқа шығып үлгерген.