4 автокөлікті соққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

340

Жангелдин көшесінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мұнда 5 автокөлік соқтығысады. Тұрған көліктерді соққан «Хюндай Тускани» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан тайып тұрған.

Қатты соққыдан тіпті кореялық көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Ауди» көлігін соғады. Одан бөлек тағы үш көліктің иелері материалдық шығынға батты. «Тойота камри 20» маркалы көліктің жүргізушісі алғашқы соққыны алған. Қатты соққыдан алдыңда тұрған «Ваз» автокөлігіне де зақым келген.

Бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күтіп тұрған жүргізушілер осылайша күтпеген жерден жол апатына ұшырады. Қуанышқа орай адамдар аман. «Тойота камри» автокөлігінде болған жолаушы азаматша жеңіл дәрежелі жарақат алғанын айтты.

Бір жүргізушінің кесірінен зардап шеккен 4 автокөліктің жүргізушілері шығынды кім өтейтінін білмей дад. Оқиға басына жол апатына шығу тобының инспекторлары шақыртылды. Оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Ернар Балабеков