Шымкентте қоғамдық көлік жол апатына ұшырады

366

Шымшаһарда жолаушылар автобусы мен жеңіл көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Екі көліктің де жылдамдығы жоғары болғандықтан салдары ауыр зардапқа әкеп соқтырып отыр.

Жол апаты Қ. Рысқұлов көшесінде болған. 110 бағыттағы автобус пен «Мерседес» көлігі соқтығысуы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән жәйін құқық қорғау органы қызметкерлері анықтау үстінде.