Шымкентте көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасы жарылды

839

Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде апатты жағдай орын алды. Қос қабатты баспананың бірінші подъездінің қабырғасы жарылып, құлағалы тұр. Тұрғындар бұл жағдайға су құбырларында болған ақаулар себеп болуы мүмкін деп отыр. Қазір жергілікті билік өкілдері тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген.

Қазанқап ақын көшесінің 2/4 үйінің тұрғындары орын алған жайсыз жәйттен кейін әлі күнге ес жия алмай отыр. Апатты жағдай 8 тамызда түнгі сағат 2 – лер шамасында болған. Салдыр-гүлдір дауыстан шошып оянған жұртшылық әуелде жер қимылдады екен деп ойладық дейді.

Төтенше жағдайдан кейін қауіпті деп танылған 4 пәтер оқшауланды. Тұрғындар апатты жағдайдан кейін баспанамыздың жарықтары көбейіп, қорқынышымыз үдей түсті дейді.
Наталья Иванованың бұл пәтерде тұрып жатқанына 9 жылдан асып барады. Ескі баспанасын жамап-жасқап күнелтіп жатқан тұрғын жуырда ғана жөндеу жұмыстарын жүргізгенін айтады. Ал қазір үйінің сыйқы мынау.

Халықтың қауіпсіздігі үшін тұрғын үй қазір табиғи газдан ажыратылған. Жергілікті әкімдік қазір тұрғындарды уақытша баспанамен қамтуды бастадық дейді.

Александр Малахов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Оқиға болған күні шұғыл комиссия құрылды. Пәтерлері қауіпті деп танылған 4 тұрғынның 3-уі уақытша баспанамен қамтылды. Біреуін жалдамалы пәтерге көшіру үшін қазір баспана қарастырылуда».

Тұрғындарға берілген уақытша баспаналардың бірі осы. Аядай ғана пәтерде бірнеше отбасы күнелтуге мәжбүр. Жергілікті билік өкілдері сараптама қортындысы апта соңына дейін білгілі болады дейді. Апаттың себебі анықталып, кінәлілер мәлім болған соң солардың есебінен тұрғындарға баспана қаралады дейді жергілікті атқамінерлер.

Мақпал Рысбаева