Бейімдеу орталығына 15 жасөспірім жеткізілді

647

Ағымдағы жылдың 27 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында қала аумағында Республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау жайтын алдын-алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттары анықталды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу болып табылады.

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасына шамамен 40-қа жуық полиция қызметкерлері, прокуратура өкілдері, әкімшілік, білім беру, денсаулық сақтау салалары жұмылдырылды.

Аталған іс-шарада түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 47 жасөспірімді анықтап, Ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың ата-аналарына ҚР ӘҚК-нің 442-бабы 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-ден таңғы 6-ға дейін болуы» әкімшілік хаттама толтырылды. Бейімдеу орталығына кәмелетке толмаған 15 жасөспірім жеткізілді. Іс-шара аясында Абай ПБ-нің қызметкерлері ІІО-ның тізіміне 3 жайсыз отбасын есепке алып, ал тізімдік есепке 7 жасөспірімді тіркеді.

Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы