eGov порталы арқылы жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

646
Фото inform.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Электрондық үкімет порталы арқылы «Жүргізуші куәлігін алу» қызметінің жеңілдегені туралы хабарлайды.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді онлайн режимде жүргізуші куәлігін қайта шығару туралы өтінім берген кезде пайдаланушы бұған дейін екінші деңгейдегі банкте төлеген чектегі мәліметтерді енгізе алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Ол үшін eGov.kz порталында төлеу кезінде «бұрын төленген» деген жазуы бар жерге белгі қойып, іздеу үшін чек бойынша мәліметтерді (салық органы, банк БСН-ы, төлем жасалған күн, БКК, ТТК және төлем сомасы) енгізу керек. Бұдан кейін табылған чекті таңдап, сұрау салуға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою керек» делінген хабарламада. Бұған дейін бұл қызмет түрін онлайн режимде пайдаланған кезде жүргізуші куәлігін қайта шығаруға өтінімді беру кезінде ғана төлеу мүмкін болатын. Бұл қызмет түрі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде жаңартылған.

Қызмет паспортына сәйкес, жүргізуші куәлігін алуға сұрату 60 минуттың ішінде өңделеді. Нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетіне хат түрінде келеді. Еске сала кетейік, жүргізуші куәлігін онлайн режимде ауыстыру қызметі ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылды.

Қызмет түрін алу үшін пайдаланушы eGov.kz порталында өтінім толтырып, ЭЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса салынады. Бұдан кейін дайын болған хабарландыру мен төленген чек басып шығарылып, дайын жүргізуші куәлігін алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша арнайы ХҚКО-ға жіберіледі.