Шымкентте жыл басынан бері 139,9 млрд теңге салық өндірілген

263
inform.kz

Шымкентте жыл басынан бері 139,9 млрд теңге салық өндірілген. Бұл қаражаттың  69 млрд  278 млн теңгесі республикалық бюджетке жолданған. Бұл туралы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен брифингте сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы  жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылаған департамент қызметкерлері салықтан жергілікті бюджетке 60 млрд  662 млн теңге түскенін жеткізді. Мамандар бұл екі жыл бұрынғы салық түсімімен салыстырғанда 8 млрд 947 млн теңгеге артып отырғанын көресетеді  деп отыр.

«Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуде камералды бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған  жұмыстардың нәтижесінде, жылдың басынан бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 7 млрд. 592 млн теңге өндірілді. Бұл жалпы түсімдердің 7%-дан астамын құрады», – дейді департаменттің талдау және тәуекелдер бөлімінің басшысы Г.Ажиметова.