Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

717

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Үсіпәлиев Тоқтар Оразұлы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды

Тоқтар Оразұлы Үсіпәлиев 1972 жылы 22 қазанда Шымкент облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан.

Еңбек жолын 1997 жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қалалық жобалау өндірістік басқармасының басшысы, 1999-2000 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жарнама бойынша инженері, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, 2010-2012 жылдары «Еуразиялық су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ бас инженері, 2012-2013 жылдары Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз СЭС-1″ ЖШС тексеру комиссиясының мүшесі, 2013-2014 жылдары«КазМТОГрупп» ЖШС директордың орынбасары, 2014-2016 жылдары «Тау-Кен Самурык» Ұлттық Тау-кен компаниясы» АҚ Ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі