Түркістан облысында үшем дүниеге келді

532

Түркістан облысында бес баланың анасы үшем дүниеге әкеліп, перзентханадан аман-есен шықты. Сарыағаш ауданындағы Ұшқын ауылының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева екі ұл және бір қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Енді балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін Бақтыбаеваның сегіз баласы болса, жаңа туған Айберік, Байсерік және Гүлсімнің бес аға-әпкесі бар.
Келіншек мерзімінен ертерек босанды, әрбір баланың салмағы 2,5 киллограмм тартады.

Дәрігерлер балаларды бір апта бақылауда ұстады. Перинаталды орталықтың дәрігерлері нәрестелер мен ананың қазіргі денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.