Түркістан облысында алғашқы қар жауды

673

Түркістан облысында қар жауды. Алғашқы қар облыстың  солтүстіктегі Созақ пен  таулы Түлкібас, Төлеби аудандарына түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Созақ ауданында кеше жаңбыр жауып, соңы қарға ұласқан. Қар Ащысай ауылы мен тауға түскен. Қазір қардың биіктігі  2 см жетті. Мұнда күндіз ауа температурасы +2 градус, түнде -5 градус болды», – деді  «Қазгидромет» АҚ облыстық филиалының мамандары.

Өңірдің таулы аудандарында да қыс басталып кетті. Атап айтқанда Төлеби мен Түлкібас аудандарына да бүгін қар түсіп отыр.  Сондай-ақ , Шымкентте де күн күрт суытты. Қатты жел тұрып, секундына  20 метрге дейін жеткен.  Бірқатар үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды құлатқан. Ауа райы күндіз 8-10 градус жылылықты көрсетіп, түнде  1-3 градусқа дейін суық болуда.