Қарсы бағытта ызғытқан қымбат көлік…

380

Жас жүргізушілер арасында соңғы кезде жолдың қарысы бетімен көлік басқару әдетке айналған. Алғашқысында алматылық жүргізушілер бастаған бұл «челленджді» шымкенттік жүргізуші де қайталап көргендей.

Д. Қонаев гүлзарымен қымбат «Лексус 570» маркалы джиппен тағы бір жеңіл автокөліктің қарсы бағытта ызғытып жүріп бара жатқан видеосы инстаграмм желісінде тез тарады. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері анықтауға кірісті.

Мұндағы басты мәселе жол қозғалысындағы басқа жүргізушілердің өміріне қауіп төңдіргендері болып тұр. Жүгенсіз кеткен жүргізушілерге тиісті шара көрілсін деп пікір қалдырған көпшілік.

Ернар Балабеков