Банк көп шоғырланған ауданда қылмыс та көп

265

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауы көрсеткендей, ағымдағы жылы алаяқтық деректері біршама төмендегенімен (2104-тен 2025-ке), осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың Әл-Фараби ауданында өсу деңгейі байқалады (1008).

Бұл белгілі бір дәрежеде аталған аумақта банктік мекемелердің көптеп орналасуына байланысты. Тек 10 айдың ішінде банктердің қызметіне байланысты 52 алаяқтық дерегі тіркелген.

Көп жағдайларда қысқа мерзімде төлемді толық жасаймын деген алаяқтарға сенгіш азаматтардың өз аттарына несие алып беріп, оны үшінші тұлғаларға тапсырған және қаражатты алысымен алаяқтар іздерін жасырып отырған.

Осыған байланысты, тұрғындарды күмәнді келісімшарт жасар алдында мұқият болуға шақырамыз. Бөтен азаматтардың уәдесіне сенбеңіз, оларға құжаттарды, нотариалды куәландырусыз депозит пен аванс бермеңіз, өз мүлкіңізді және оған қатысты құқықты бағалаңыз.

Шымкент қаласының прокуратурасы