Келес өзенімен жүзіп, ел аумағына заңсыз өтпек болған ер адам ұсталды

305
inform.kz

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында өзен суын кешіп өтіп, Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарыағаштық шекарашылар өткен түнде, сағат 23.00 шамасында Келес өзенімен малтып, Қазақстан шекарасынан өтуге әрекеттенген ер адам қолға түскен. Жасы 30-дар шамасында.

Ешқандай құжаты жоқ. Ол өзін 1990 жылы туған Қазақстан азаматымын деп таныстырған. Қазіргі уақытта құқық қорғау орындары құлақтандырылып, тексеру жүріп жатыр.