Шымкенттік жұмыс берушілер жалақыны көтермек

514

Шымкентте 40 мыңнан астам жұмысшы 42 мың теңгеден төмен жалақы алады. Оның 11 мыңнан астамы – бюджеттік мекемелерде жұмыс істейді. Елбасы өзінің кезекті Жолдауында еліміздегі ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыруды тапсырған-ды.

«Құрылыс қателікті кешірмейді. Нысан ұзақ жылға шыдас беру үшін сапалы жұмыс жүргізілуі тиіс. Ал сапаны талап етуде жұмысшыға мардымды жалақы төленуі тиіс», – дейді Ерлан Қасымбек. Жергілікті құрылыс компаниялардың бірінде жұмыс істейтін учаске басшысы жаңа жылдан бастап, 10 пайыздық үстемемен жалақы алатынын айтады. Бұл оған зор жауапкершілікті те жүктейді.

Ерлан Қасымбеков, учаске басшысы: «220 мың теңге айлық алып жүрмін. Жаңа жылдан бастап, 10 пайызға көтеріледі. Бұл үлкен жауапкершілік артады. Құрылыста сапа болмаса жұмыс жүрмейді ғой. Сондықтан үнемі қатаң тексеру, бақылау қажет.
700-ден аса жұмысшысы бар кұрылыс мекемесіндегі орташа жалақы – 130 мың теңге,  ал ең төменгі жалақы 59 мың теңгені құрайды. Елбасы жолдауына қолдау білдіріп отырған жұмыс берушілер еңбеккерлерінің ай сайынғы жалақысын арттыру үшін қазірден іске кірісіпт».

Әлімбек Асылан, құрылыс компаниясының бас директоры:»Қаңтардан бастап, Елбасы

Әлімбек Асылан

Жолдауын іске асыру мақсатында ең төменгі жалақыны – 15 пайызға, орташа жалақыны 10 пайызға көтереміз. 59 мың теңге алатын төмен жалақылы жұмысшылар 69 мың теңгеге дейін, 130 мың теңгенің жалақысы 143 мың теңгеге көтеріледі».

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары қазір Елбасы Жолдауындағы ең төменгі жалақыны көтеру бойынша жұмыс берушілермен тығыз әріптестік орнатқан. Әкімдік өкілдерімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандар қаңтарды күтпей-ақ, жалақыны өсіруге құлшынып отырған жұмыс берушілердің көбейіп отырғанын айтып қуантты.

Еламан Байдалы, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:»Қазіргі таңда жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, кадр бөлімдерімен, жұмыс беруші мекеме басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Қазіргі таңда, 1-қаңтарды күтпей, 10-нан астам кәсіпорын жалақыны көтеру бойынша мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, «Атамекен» ЖШС, «Шымкентцемент» кәсіпорындары қолдау білдіріп отыр».

Айта кетейік, Елбасы 1-қаңтардан ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көтеруді тапсырды. Бұл ретте ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайтындығын баса айтты. Бастама қазірден шымкенттік жұмыс берушілер тарапынан қолдау тауып отыр.