Арыстық 108 отбасы қоныс тойын тойлады

389

Тәуелсіздік мерекесіне тарту. Арыс қаласында 108 отбасы қоныс тойын тойлады. Тұрғын үй кезегінде тұрған жетім, көпбалалы жəне аз қамтылған отбасы мүшелері жаңа шағынаудан тұрғындары атанды.

«Көктем-2» шағыауданында пайдалануға берілген көп қабатты үйдің кілті салтанатты түрде табысталды.

Айтулы күні, Арыс қаласының қақ ортасынан ауданның құрметті азаматтарына арналған аллея ашылды. Демалыс аймағының төріндегі тақтайшада Ауданның 100-ге жуық құрметті азаматының есімі жазылған.

Асқар Сәтпаев