Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мекенжайы ауысты

1120

«Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімі жаңа мекенжайға көшті. Республика даңғылы, бұрынғы «СКОРОХОД» дүкенінің ғимаратына.

Жаңа жылдан кейін ведомство Х.Дулати көшесіндегі жер қатынастары бөлімі орналасқан ғимаратқа жайғасады деген жоспар да бар. Айта кететін жәйт, тұрғындар зейнетақы, өзге де мемлекеттік әлеуметтік төлемдер туралы сауалдарына тұрақты  мекен жайы бойынша аудандық бөлімдерге жүгіне алады.

Ал шымкенттіктер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы бойынша бөлімдерден бөлек, Теріскей ауданындағы бұрынғы «Возрождение» сауда орталығында орналасқан «Азаматтарға арналған Мемлекеттік корпорациясы» АҚ Шымкент қаласы бойынша орталығына шағымдарын жеткізе алады.

Шынар Оразова