Шымкентте бір жылда 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген

226
shymkent.gov.kz

2018 жылы Шымкентте тұрғындарға 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4,9 миллион қызмет электронды түрде көрсетілді. Бұл туралы қалалық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Юсупова хабарлады.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан 191 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Оның 94-і электронды нысанда, ал 69 қызметті мемлекеттік корпорация арқылы алу мүмкіндігі бар.

– Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ведомоствоаралық комиссия отырыстары өтеді. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 191 мемлекеттік қызметтің 152-ін автоматтандыру және оңтайландыру жоспарлануда. Осы мақсатта орталық мемлекеттік органдармен 144 Жол картасы әзірленіп, келісілуде. Сонымен қоса халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қолға алынған. Есептік жылы 3500 адам оқытылу жоспарланып, 4406 қала тұрғыны 4 бағыт бойынша оқытылды, – деді А.Юсупова.

shymkent.gov.kz