Жол көлік оқиғасы салдарынан аяғы ауыр әйел зардап шекті

369

1 қаңтар күні аяғы ауыр әйелді ауруханаға әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін өзге көлік соғып кетті.

Үш көліктің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы Ж.Тәшенов және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алған. «Лада Приора» көше қиылысында «Нексия» көлігін қаққан, қатты соққы салдарынан екінші көлік қарсы бағытқа шығып кетіп жедел жәрдемге соғылған. Жедел жәрдем көлігінде аяғы ауыр әйел болған.

Оқыс оқиға салдарынан жүкті әйел мен тағы да екі жолаушыға дәрігерлер көмек көрсетті. Олардың барлығы да жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.