Әкімдердің жұмысы бала дамуының индексі бойынша бағаланады

290
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев 2018 жылда атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп берген болатын. Айта кететін жәйт, бұл   өңір басшысының облыс орталығы Түркістанға көшкендегі  алғашқы есепті жиыны.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың халық алдындағы есепті жиыны

Жиында облыс әкімі биылғы жылдан бастап аудан әкімдерінің жұмысы бала дамуының индексі бойынша бағаланатынын жария етті: «Бала дамуының индексі дегеніміз не? Аудан әкімдері өздеріне сеніп тапсырған аймақта қаншалықты деңгейде балалардың құқығы тапталмай, жан-жақты дамуына жағдай жасалғаны туралы сұрақтарға сандық көрсеткіш бойынша жауап береді. Бағалау шкаласына: бала өлімі, балбақшамен қамтылған балаланың саны, үш ауысымдағы мектеп, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жасалған қылмыс және спорт үйірмесіне қатысатын балалардың үлесі ескеріледі».

Балалардың тәрбиесіне ата-аналар тікелей жауапты  екенін  өңір басшысы кезекті рет атап өтті.  Өкінішке қарай, облыста  қолайсыз отбасыларының саны артып келеді. Егер де 2015 жылы ондай отбасы 9 болса, 2017 жылы 3 есе артып 25-ке жеткен.

Балалардың арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы көңіл көншітпейді. Ата-аналардың жартысы балаларының  компьютерде немен айналысып отырғанынан хабарсыз болып шыққан.

Шынар Оразова