Алимент дауын медиациямен шешкен тиімді

417

 Бұрынғы ерлі-зайыптылар Шымкент қаласы Абай аудандық сотына алимент дауымен шағым келтірген. Аталған сотта талап қоюшы М.Н.-ның жауапкер Б.А.-ға ортақ баласы үш жасқа толғанға дейін өзіне алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Судья медиатор тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен тиімділігін түсіндіріп, сол арқылы уақыт та, қаржы да үнемделетінін айтып түсіндірген. Нәтижесінде ажырасқандар қалауларымен медиациялық келісімді бекітуді сұранған. Оның шарттары бойынша жауапкер Б.А. әр ай сайын талап қоюшы М.Н.-ға 25.01.2021 жылға дейін 50 000 теңге төлеп тұруды өз міндетіне алған. Арыз беруші өз талап қою арызынан бас тартқан.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды.

Айта кету керек, сот  ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жанар Есенбекова