Ауған соғысының ардагерлері оқушылардың әскери дайындығына баға берді

358

Ауған соғысының ардагерлері шымкенттік оқушылармен кездесті. Бұл жолы аға буын естеліктерімен бөлісіп қана қойған жоқ. Олар жоғарғы сынып оқушыларының әскери дайындығына баға берді. Осымен 3-ші рет ұйымдастырылып отырған ауған ардагерлер кубогына қала бойынша 1500 шәкірт қатысқан. 1 ай бойына іріктелген олар ақтық сында өзара мықтыны анықтады.

Әйгерім Қонысбаева, мектеп оқушысы: «Мылтық атуды және автоматты шашып жинауды үйрендім. Маған барлығын әскери дайындық пәнінің мұғалімі үйретті. Ұстазым ауған соғысына қатысқан. Сол кісінің естеліктерінен әсер ала отырып, өзімнің қызығушылығым да жоғары болып үйреніп кеттім».

Мылтық жинап, оны көздеген ер балалардан қыздар да қалыспайды. Тіпті бұрымдылардың арасында әскери мамандық алуды армандайтындар да бар. Айтуларынша, рухы мықты жандармен кездесу оларды тек қанаттандырады екен.

Назерке Үкібасова