Шымкентте онкологтар демалыс күні қала тұрғындарын қабылдады

362

Шымкентте қалалық онкологиялық орталықта ашық есік күні өтті. Қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында жүргізілген шарада онколог, маммалог мамандар арнайы жолдамасыз азаматтарды қабылдады.

Ашық есік күнінде 150-ден аса пациентке медициналық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, онкогинеколог, онкопроктолог, онкохирург, маммолог, онкоурологтың қабылдауы жүргізілді. Салаға жауаптылардың сөзінше, профилактикалық тексеру кезінде үш адамнан рак табылған. Науқастарға нақты диагноз қою үшін, дәрігерлер анализ сараптамаларын жүргізбек.

Мамандар орталық базасында дәрігердің қабылдауынан бөлек рентген, УДЗ сынды аппараттарға ақысыз түсті. Айта кетейік, қатерлі ісік ауруының алдын алу мақсатында  еліміз бойынша барлық медициналық мекемелерінде жүргізіледі.

Лаура Нақыпқызы