Келесі қысқы Олимпиадаға дайындық басталды

561
Бұл үш жеткіншекте Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды

Сочи Олимпиадасына Оңтүстік Қазақстанның үш спортшысы жолдама алды. Олар фристаил-акробатикадан сынға түседі. Бұдан бөлек Шымкентте қысқы ойындардың тағы үш түрінен шәкірт тәрбиеленуде. Бүгінде қысқы спорт түрлері мектебінің алғашқы қарлығаштары жарыстарда орын алып та жүр. Жуырда ғана жерлестеріміз кезекті додадан оралды.

Мәнерлеп сырғанаудан облыс намысын қорғаған шымкенттік құрама команда
Мәнерлеп сырғанаудан облыс намысын қорғаған шымкенттік команда

Шорт-тректен ел біріншілігінде шымкенттіктер жүлдесіз қалған жоқ. Астанада жалауы көтерілген турнирдің жалпы есебінде Оңтүстіктің саңлақтары сәтті өнер көрсеткен. Бұл жолы жастар 13 қола және 5 алтын медаль жеңіп алды. Бір ғана Нұрлыбек Бейсеевтің өзі 5 рет алтыннан алқа тақты.

Бұл үш жеткіншекте Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды
Бұл үш жеткіншек те Қазақстан чемпионатында жүлдегер атанды
Шыңғыс Рысқұл ел чемпионатында қоржынға қола медаль салды
Шыңғыс Рысқұл ел чемпионатында қола медаль ұтып алды

Мәнерлеп сырғанаудан да ең кішкентай кәсіби спортшылар Өзбекстанның ашық чемпионатынан оралды. Осыған дейінгі жарыстарда тәжірибе жинақтап жүрген жерлестеріміз Ташкентте 3 күміс және 3 қола медальды жеңіп алды. Енді олар ақпан айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындығын бастамақ.

Алина Пугачеова Өзбекстаннан күміс медальмен оралды
Алина Пугачева Өзбекстаннан күміс медальмен оралды
Айдар Жапбаров та шымкентке құр алақан қайтпады
Айдар Жапбаров та Шымкентке құр алақан қайтпады
Ең кішкентай Иван Соловьев та облыс қоржынына қола медаль сала білді
Ең кішкентай Иван Соловьев та облыс қоржынына қола медаль сала білді

Мәнерлеп сырғанаудан Ташкент қаласының ашық кубогінде топты жарғандардың тізімі:

Күміс медаль иегерлері:

Алина Пугачева

Айдар Жапбаров

Гауһар Құттыбаева

Қола медаль иегерлері:

Назерке Бақытжанқызы

Иван Соловьев

Дариға Нұралиева

Шорт-тректен 4 жас ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарғандардың тізімі:

Нұрлыбек Бейсеев – 5 алтын

Үшінші орын иелері:

Нұрлыбек Бейсеев

Шыңғыс Рысқұл

Роман Азарсков

Аида Даулеталиева

Ажар Ахмет

Назерке Байжанова

Ксения Подчасова

Дана Оңал

Әйгерім Есіркеп

Ақбала Асембаева

Богдан Кучинский

Иван Чехомов

Самат Мұсаев

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q0zPYzCkAxw[/youtube]