Түркістан қаласының кәсіпкерлері облыс бойынша бірінші орында

640

Түркістанның 2018 жылғы жалпы өңiрлiк өнiмi 74 млрд 803 млн теңгенi құрады. Оның көлемі жан басына шаққанда 452 мың теңгені құрап, 12 пайызға артты. Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен өткен ел алдында есеп беру жиынында мәлімдеді.

Жалпы өңірлік өнім көлемінде өзіндік үлесі бар өнеркәсіп саласы 16,7 пайыз, ауылшаруашылық саласы 8,0 пайыз, орындалған құрылыс жұмыстары 16,8 пайыз, ал сауда-саттық саласы мен шағын бизнесі дамыған Түркістандағы тауар айналымы мен қызметтерді өткізу көлемінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 58,5 пайызға жетті.

«Бүгінде қалада өнеркәсiп және кәсiпкерлiк саласында жұмыс жасайтын 39 кәсіпорын бар. Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 12 млрд 467 млн. теңгенi құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып, облыс көлемінде 1-ші орында тұр», – деді қала басшысы.