Түркістанда шығыс моншасының іргетасы қаланды

218

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан облысына іссапары кезінде облыс орталығында бой көтеретін шығыс моншасының іргетасы қаланды. Оған вице-премьер А.Мамин, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев және өзге де облыс басшыларының орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инсвесторлар  қатысты.

Вице-премьер Асқар Мамин шығыс моншасының іргетасымен құттықтап, сапалы жұмыс жасап, уақытылы пайдалануға беру мәселесіне жіті тоқталды.

Шығыс моншасы – тарихи сәулет үлгісінде салынады. Оның құрылысына Қызылорда облысы тапсырыс берген. Аумағы 1730 шаршы метр. Құрылыстың мердігері «БАҚ-БЕРЕКЕ» ЖШС компаниясы.  Жаңа шығыс моншасының құрылысын 2019 жылдың қазан айында толық аяқтау  жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі