«Тұрғын Үй Шымкент» мекемесінің жобасы тұрғын үйлерді жаңғыртуға жәрдем

540

Шымкентте «Қайтарымды қаражат» жобасы іске асуда. Бұл жаңғырту бағдарламасы арқылы жұмсалған қаржының тиынын түгелдейді. «Тұрғын Үй Шымкент» Мемлекеттік мекемесі қолға алған бұл жобаға қатысу үшін тұрғындар өтініш жазуы керек.

Жақсыгүл Тишеқызы көпқабатты тұрғын үйде 30 жылдан бері тұрады. Содан бері шатыр жөндеп, жамап талай рет шығынға батқанын айтады. Енді «Қайтарымды қаржат» жобасы арқылы мұның барлығы келмеске кеткеніне қуанады.

Жақсыгүл Тишеқызы, көп қабатты үйдің тұрғыны: «Желтоқсан айында келісімшартқа тұрып, жөндеу жұмыстары басталды. Тұрғындардың арасынан сапасын бақылап отыратындарды сайлап қойғанбыз. Бұрыннан шатырдан су сорғалап тұратын еді. Қазір су сап тиыйылды. Қуаныштымыз. Үш жылға кепілдік беріп жатыр. 15 жылда төлеп бітеміз. «Тұрғын Үй Шымкент» мекемесінің адамдары да келіп тексеріп тұрады сапаны».

Бұл жобаны «Тұрғын Үй Шымкент» мекемесі қолға алған. Үйін жаңғыртуды қалағандар қалалық әкімдікке барып, өтініш беруі керек. Жаңғырту жұмыстарына үй көлеміне қарай қаржы бөлінеді.

Аятай Бекжігітов, «Тұрғын Үй Шымкент» мекемесінің басшысы: «Қарасу-1» шағынауданындағы бір үйдің шатырын жаңғырттық. Жалпы құны 3,5 млн теңгені құрады. Тағы да бес үйді жаңғыртамыз деп отырмыз. Мәселен, «Қарасудағы» бір үй 3,5 млн теңгені құраса, тұрғындарға 350 теңгеден түседі. Он жыл бойында төлем бағасы сол күйінде болады. Бұл дегеніңіз мемлекеттің тұрғындарға деген қамқорлығының бір көрінісі».

Былтыр қыркүйек айында қолға алынған жоба аясында 12 үйдің шатыры жөнделмек. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 100 үйдің сметалық құжаттары дайындалуда.

Жанар Есенбекова