Сайрам ауданында тігін фабрикасы ашылды

344

Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде әскери және арнайы киімдер, төсек орындарын тігетін «АХБК» тігін фабрикасы ашылды. Аталған өндіріс орнын кәсіпкер Нұрлан Сапаров өз қаражаты есебінен 1 млрд. 200 млн.теңге жұмсап іске қосып отыр.

Нәтижесінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып жұмыс орнын 250 адамға арттыру жоспарлануда. Қазіргі таңда фабрика «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен және ҚР Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ жеке өндіріс орындарының тапсырыстарын орындауда.

Аталған фабриканың ашылуына аудан әкімі  Бақтияр Мамаев қатысып, өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.