Шетелден үй алу: оңай әрі арзан

680

Шымкентте осындай атаумен «Афик груп» халықаралық құрылыс компаниясы конференция өткізді. Жиынға қатысушыларға Солтүстік Кипрден арзан бағада қалай үй алуға болатындығы айтылды. Қызығы сол, шекара сыртынан баспана алу әлдеқайда оңай болып шықты.

Шетелде үйіңнің болуы – бұл бүгінгі тренд. Әлемнің екі шетінде де тұра алу, көңілің қалағанда көл жағасындағы үйіңе ұшып бару кез – келген адамның арманы. Дәл осыны жүзеге асыруға сізге «Афик груп» халықаралық құрылыс компаниясы көмектеседі. Көптің арманына айналған Солтүстік Кипрден үй алудың жолдары мен артықшылықтары жайлы осы конференцияда айтылды. Бір қызығы, аралдағы үйлердің бағасы отандық пәтерлер құнынан айырмасы жоқ. Пәтер, вилла тіпті таунхаустың әр шаршы метріне 900 доллар төлеп сатып ала аласыз.

Екатерина Мунатаева, «Афик груп» компаниясының Орталық Азия және Қазақстан бойынша директоры: «Біз қазақстандықтар, тура бір жыл алдын Солтүстік Кипрге көшкен болатынбыз. Онда бәрі қолжетімді әрі жанға жайлы орын. Адамдары да өзіміз секілді ашық. Табиғаты да тамаша. Ең қуантарлығы, тұрғын үй бағасының қолжетімділігі. Сосын бірден бұл жайлы отандастарымызбен бөлісуді жөн деп таптық. Себебі, өз өмірін тыныш жерде, табиғат аясында өткізгенді құп көретін жандар бар. Сондықтан да Алматы, Астана қалаларында презентация өткізуді жөн деп шештік».

Айдай Қадырбекова, Солтүстік Кипрдегі Қазақстанның ресми таныстырушысы: «Біздің компаниямыз израильдік «Афик груп» компаниясы болып табылады. Тек Солтүстік Кипрде ғана емес Түркия мемлекетінде, оған қоса Израильдің өзіндегі Тель-авив қаласында үй тұрғызамыз. Орташа жалақы алатын қазақстандықтарға төлем жасаудың ыңғайлы жоспарын құрып бере аламыз, одан бөлек қалай жеңілдіктер алуға болатындығын да үйретеміз».

Солтүстік Кипр – нағыз жұмақ мекен. Жерорта теңізінің жағасындағы ондаған аралда орналасқан. 300 күн бойы күн шуағына қыздырына аласыз. Тұрғын үй кешендерінің аумағында балалар алаңдары, спорттық клубтар, аквапарктер мен бассейндер бар. Ең бастысы – аралда қылмыс деңгейі өте төмен. Ал мұндай жерден үй алу тек өмірдің шағын сыйы емес, кішігірім табыс көзі де болады дейді Шымкент қаласының тұрғыны Малика Изазбекова.

Малика Изазбекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Менің түсінуім бойынша пәтерлер қымбат емес, бар болғаны 45 мың доллар. Сатып алуға әбден болады. Теңіз жағасындағы үй тек қана арман емес , болашаққа құйылған жақсы инвестиция. Менің ойымша үйіңді жалға беріп те пайда табуға болады».

Солтүстік Кипрден «Афик групп» компаниясы арқылы үй алу өте оңай. Ол үшін тұрғын үйді онлайн таңдауға не болмаса аралдың өзіне барып таңдауға болады. Теңіз жағасындағы үйді пайызсыз бөліп төлеуге немесе 7 жылға несиеге ала аласыз.

Меруерт Ахан