Атакент ауылы тұрғындарының ауласын су алып жатыр

622

Мақтаарал ауданындағы Атакент ауылының тұрғындары өздері түсірген мына таспада толассыз жауған жаңбыр суы аулаға толып, үйдің табалдырығына тақап қалғаны көрініп тұр.

Табалдырықта тұрған әйелдің  сөзі: «Әкімдерге айтсақ өздеріңнің шаруаларың дейді».

Айналып келгенде тұрғындар атқамінерлерге арқа сүйемей, өз қарекетін жасауына тура келеді. Жылдағы жағдай болса, қамданып арық-атыздарды қоқыстан тазалап, ирригациялық жүйе болмаса,  көше бойына арық салулары керек -ақ.

Шынар Оразова