«Достық» шағынауданына жаңа қоғамдық көлік қатынайтын болды

180

Күні кеше «Достық» шағынауданының тұрғындары «Oтырар» медиахолдингіне жүгінген болатын. Қоғамдық көліктің қатынау жиілігі кейде 2-3 сағатқа ұзап кететініне наразылық танытқан шағынаудан тұрғындары осы уақытқа дейін бармаған жері, ашпаған есігі қалмағанын айтқан болатын.

Наразы ағайынның айғайына жергілікті билік құлақ түріп, мәселесін шешіп берді. Бүгін
Шымкент қаласының әкімінің тапсырмасына сәйкес №150 әлеуметтік бағыты жұмысын бастады. Бағыттың соңғы аялдамалары – Теміржол вокзалы мен «Достық» шағынауданы.

Бағыт Анарова, Төле би, Адырбеков, Жібек Жолы, ​​Сасбұқаев, Жандосов, Ерімбетов, Арғынбеков, Шаяхметов, Нұр-Сұлтан даңғылы, Байтереков, Төлеметов, Бәйдібек би даңғылы арқылы өтеді.

Бағыттың сағат кестесі 07: 00-ден 21: 00-ге дейін. Қатынау аралығы 20-25 минут.